Ол биыл сәуір айында Президенттің жарлығымен Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған еді.
Сенат Талғат Ибрашевті Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатты
482
оқылды

ҚР Парламенті Сенаты Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Талғат Ибрашевті басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сенатқа ҚР Жоғарғы сотының судьясы Талғат Ибрашевті қызметінен босату туралы Президенттің тиісті ұсынымы келіп түсті.

Ол биыл сәуір айында Президенттің жарлығымен Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған еді.

Сенат депутаттары жаңа қызметке баруына байланысты Талғат Ибрашевті Жоғарғы соттың судьясы лауазымынан босату туралы қаулыны қолдап дауыс берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.