QazForum – интернеттегі қазақша контентті дамытуға арналған бірегей кәсіби алаң.
Астанада қазақ тілінде контентті дамыту туралы форум өтіп жатыр
Фото: QazaqForum
582
оқылды

Танымал медиа сарапшылар, журналистер, бас редакторлар, блогерлер бас қосқан форумда қазақтілді онлайн медианы дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

QazForum – интернеттегі қазақша контентті дамытуға арналған бірегей кәсіби алаң. АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен жыл сайын ұйымдастырылатын іс-шарада өзекті проблемалар қаузалып, тың идеялар айтылатынын атап өткен жөн. Биылғы форумның басты тақырыбы: «Болашақтың дидары. Жаңа технологиялар және медиа».

Форум аясында күнделікті өмірде нейрожелілерді пайдалану мен жасанды интеллекттің көмегімен контент жасаудың тәсілдері бойынша мастер-кластар өткізіледі. Бұдан бөлек, Батыс Қазақстан облысынан су тасқыны туралы 360 форматта түсірілген арнайы репортаж да қатысушылардың назарына ұсынылады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бүгінде студенттердің 61%-ы қазақ тілінде оқиды, БАҚ-тағы контенттің 83%-ы қазақ тілінде беріледі. Құжат айналымының 99,8%-ы қазақ тілінде жүргізіледі. Ал Қазақстандағы қазақтардың үлесі 70,65%-ға жеткен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.