Egovpress Telegram арнасының хабарлауынша, полицейлер 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен екі әскери қызметкерді ұстаған.
Бұрынғы әскери қызметші Маңғыстауда кісі өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: kazpravda.kz
3,167
оқылды

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында ер адамды ұрлап, аяусыз өлтіргені туралы ақпарат пайда болды. Күдіктілер ұсталды. Олардың қатарында бұрынғы әскери қызметшілер бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Egovpress Telegram арнасының хабарлауынша, полицейлер 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен екі әскери қызметкерді ұстаған. Тергеу мәліметтері бойынша, олар өлтірілген адамның басын кесіп, көміп тастаған. Күдіктілердің тағы бірі қашып кетті деген болжам бар.

«Адам ұрлап, өлтірді деген екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.