Пәкістан, Ауғанстан, Қырғызстан және Бангладеш елдерінің 20 азаматына қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 4 тұлға ұсталды.
Пәкістан, Ауғанстан, Қырғызстан, Бангладеш: Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған 24 адам сотталды
1,816
оқылды

Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар сотталды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz

2023 жылдың аяғында жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша Пәкістан, Ауғанстан, Қырғызстан және Бангладеш елдерінің 20 азаматына қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 4 тұлға ұсталды.

«Аталған факті бойынша Қордай аудандық ПБ-мен ҚК-нің 394-бабы 2-бөлігі бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) қылмыстық іс тергеп-тексерілді. Қордай аудандық сотының үкімдерімен 24 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Оңтүстік Азияның 20 азаматы мерзімін өтегеннен кейін елден шығарылды.

Сот үкімдері заңды күшіне енді.

«Осыған ұқсас аудан прокуратурасының үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде Непал Республикасының 10 азаматына қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 2 қылмыскер құрықталып, 12.05.2024 жылғы сот санкциясымен қамаққа алынды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚК-нің 394-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.