Оның айтуынша, ене де, келін де мінсіз болуға міндетті емес.
«Келіндер міндетті» дегенді қояйық»: Ерке Есмахан ене мен келіннің қарым-қатынасы қандай болу керегін айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan
1,294
оқылды

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында ене мен келін тақырыбында сөз қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Оның айтуынша, ене де, келін де мінсіз болуға міндетті емес.

"Маған көп хат келіп жатыр. Енелер жағы "келінім оңбады, сендей болғанда ғой" деп, келіндер жағы "енеммен сыйыса алмаймын, сыйлық сыйламаймын" деп жазып жатыр. Мінсіз болуға ене де, келін де міндетті емес. Жақсы қарым-қатынасты өзімізден бастайық. Өзімізге махаббатты, назарды берсек, айнала соны қайталайды… Айнала – айна! Енелер, өтініш, "келіндер маған міндетті" деген ойды қояйық. Келіндеріңізге өз-өзін табуға, тануға уақыт беріп көріңіздер. Әйелдер дамыса, бақытты болады. Әйел бақытты болса, сіздің ұлыңыз, ұрпағыңыз да бақытты! Келіндер, өтініш, енелеріңіздің кей тұстарын қабылдауға тырысыңыздар. Қанша шетел боламыз дегенмен біз қазақпыз. Ата-енеміздің түсінігі басқашалау. Жанұя болып, бала сүйіп, жайқалып отырғаныңыз сол ене тәрбиелеген ұлдың арқасы. Үлкендерді өзгертетін біз емес. Өзімізден бастайық", – деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.