Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде кран операторы биіктен құлап, қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қайғылы оқиғаны қалалық Полиция департаменті өкілдері растады.
Құрылысшы краннан түсіп бара жатып, құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған.
– Аталмыш дерекке байланысты "Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникаларын сақтамау салдарынан адамның мертігуі" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды, – делінген хабарламада.
Өзге ақпараттарға сүйенсек, қаза тапқан құрылысшының жасы небәрі 22-де болған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.