Күдікті Ж. Шәкіров 2024 жылғы 14 мамырда ұсталған, оған тергеу соты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады.
Құлсарыдан барған сарбаздың өлімі бойынша бір әскери тергеліп жатыр – Бас әскери прокуратура
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
2,563
оқылды

Жетісу облысындағы Сарыөзек гарнизонында көз жұмған 19 жастағы сарбаз Досымжан Сәлімжанның өліміне қатысы бар деген күдікпен бір лейтенант тергеліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Сарыөзек бөлімі ҚК 451-бабының 2-бөлігі бойынша «билікті асыра пайдаланғаннан ауыр зардапқа әкеп соқты» деген айыппен Ж. Шәкіровтың үстінен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», – деді Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.

Күдікті Ж. Шәкіров 2024 жылғы 14 мамырда ұсталған, оған тергеу соты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады.

Еске салсақ, Досымжан Сәлімжан 2023 жылғы 11 қазанда Құлсары қаласынан Жетісу облысына әскерге аттанады. Бірақ әскер қатарында жүргеніне 6 ай толар-толмастан қаза табады.

Досымжанның анасы Ардақ Иманғалиева баласының өліміне 1993 жылы туған Ж.Шәкіров деген лейтенантты кінәлаған.

Айтуынша, Досымжан лейтенанттан жүйелі түрде зорлық көріп келген. 1 мамыр күні қатты таяқ жеп, ауырған. Бірақ оған ешкім дәрігер шақырмаған, көмек көрсетпеген. Содан жігіттің жағдайы нашарлай берген. Досымжан 3 мамыр күні жансақтау бөліміне түскен. Сарбазды қараған дәрігер екі өкпесі істен шыққанын, диализбен жатқанын, өкпеге, жүрекке, бауырға, асқазанына су толып кеткенін айтқан. Құлсарылық жігіт ауруханада жаны қиналып жатып 13 мамыр күні бақиға аттанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.