Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасын әшкереледі.
Ақшаны мұздатқышта сақтаған: Антикор ректордың ұсталған сәті түсірілген видеоны жариялады
Фото: видеодан алынды
15,935
оқылды

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры жемқорлық үшін күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасын әшкереледі.

Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.