Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас ғалымдарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету – мемлекеттің міндеті екенін атап өтіп, ғылымның түрлі саласында еселі еңбек етіп жүрген бірнеше азаматқа салтанатты түрде пәтер сертификаттарын табыстады.
Президент бірнеше жас ғалымға пәтер сертификатын табыстады
Фото: Ақорда
588
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас ғалымдармен кездесу барысында ғылымның түрлі саласында еселі еңбек етіп жүрген жас мамандарға пәтер сертификаттарын табыстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас ғалымдарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету – мемлекеттің міндеті екенін атап өтіп, ғылымның түрлі саласында еселі еңбек етіп жүрген бірнеше азаматқа салтанатты түрде пәтер сертификаттарын табыстады.

Пәтер сертификаттарына мына жас ғалымдар ие болды:

1. Абилдина Айназ Қайратқызы – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры;

2. Молдамұратов Жанғазы Нұржанұлы – Халықаралық білім беру корпорациясының жалпы құрылыс факультетінің деканы;

3. Әлия Темірхан – Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғылыми қызметкері;

4. Құрманов Ерғали Бержігітұлы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті;

5. Жанұзақ Рамазан Жақсыбайұлы – Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының зертхана меңгерушісі;

6. Омарова Жансая Бағдатқызы – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы;

7. Бакранов Нұрлан Болатұлы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының бас қызметкері;

8. Құлтаева Шынар Мәлікқызы – Халықаралық білім беру корпорациясының қауымдастырылған профессоры;

9. Байжұма Сәмет – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы.

10. Әділхан Бауыржан Нүкербекұлы – Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының лаборатория меңгерушісі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.