Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді.
Сапасыз қызмет бойынша кері байланыс құрылды
фото: baq.kz
394
оқылды

«EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аза­маттарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды.

Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағ­дайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram-бо­тына мемлекеттік қызметті бе­ру­ші меке­менің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағым­дарын жібере алады. Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақытылы қызмет көрсетпеу және басқа да фактілер бойынша өтініш жіберуге болады.

Барлық келіп түскен шағым мен ұсы­ныс­ты жауапты тұлғалар қарастырып, кері байланысты қамтамасыз ету арқылы мә­селелерді қысқа мерзімде шешеді.