Сыр өңірінде ауызсу мәселесі өзектілігін жойған емес. Әсіресе, ауыл халқының ахуалы алаңдатарлық күйде тұр.
Ауыл халқының арманы – ауызсу
630
оқылды

Жуырда Қызылорда об­­­лы­­сының әкімі Нұрлыбек Нәлі­­баевтың төрағалығымен тұрғын­­­дарды ауызсумен қамту және су бұру мәселелері талқыланған мә­­­­жі­ліс өтті. Сол мәжілісте аймақ басшысы тұрғындарды тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жайына кеңінен тоқталды. 

Құзырлы орын таратқан мә­­ліметке сәйкес, бүгінде облыс­қа қарасты Арал мен Байқоңыр қа­­ласы орталық­тандырылған ауыз­­су жүйесімен 100 пайыз қам­­та­­масыз етілген. Ал елді мекендердің 98,4 пайызы тіршілік нәрін тұтынып отыр екен.

Жалпы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жыл­­­­ғы Қазақстан халқына Жол­­­­дауында Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл­да халықты 100 пайыз таза ауыз­­­­су­­мен қамтамасыз етуді тапсыр­­­­ғаны белгілі. Соның аясында был­тыр Арал ауданы Көктем елді мекеніне ішкі су жүйесі салынса, Құландыға су тұшытқыш қон­­­­дыр­­­ғы орнатылған. Сонымен қа­тар Шиелі ауданына қарасты Қосүйеңкі және Қызылқайың елді мекендеріне ішкі су жүйесі жүргізіліп, Жуантөбе ауылына су тұшытқыш қондырғы қойылса, Мойнақтан шахталық құдық қазылған. 

«Бүгінде облыс аумағында 4 қала және 230 ауылдық елді ме­кен бар. Қалалардың барлығы ауызсумен толық қамтылған. Осы­лайша, халықты орталық­тандырылған ауызсумен қамту үлесі 98,4 пайызға жетті. Ендігі кезекте алдымызда Мемлекет бас­­­­­­шысының тапсырмасына сәй­кес, ауызсуға мұқтаж елді ме­­­кен­­дерді 2025 жылдың соңына дейін орталықтандырылған сапа­лы ауызсумен қамту міндеті бар. Бүгінде бұл бағыттағы жұ­мыстар қарқынды атқа­­­рылу­­­да», – деді бұл жайында мәжілісте Нұрлыбек Машбекұлы.

Дейтұрғанмен, алыстағы ауыл­­­­­­­дарда тұрып жатқан ағайын­­ның ахуалы әлі де оңалар емес. Әсіресе, жаз басталысымен тір­­ші­лік нәріне сусаған халықтың халі алаңдатарлық күйде тұр. Оған мысалды алыстан іздемей, аудан орталығы 100 пайыз сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді делінген Арал өңірін алсақ та жетіп жатыр. Соның ішінде ау­­данға қарасты Тоқабай ауы­­­­лында бұл түйткілдің түйіні тарқа­­­­тыл­­май келе жатқанына талай жыл болған. Тұрғылықты халық­­тың үміті күн санап сөніп барады. Сапа­­­лы су тұтынамыз деген қуа­­­ныш­­тары қыр асып кеткелі қай заман. Бізге жергілікті жұртшы­­­лық осылай деп мұңын шақты.  

«Ауыл халқына сапалы ауызсу тұтыну арманға айналды. Бұған дейін ауызсу құбыры тартылады деген ақжолтай хабар бәрімізді қуанышқа кенелткен болатын. Бірақ басталған жоба аяқсыз қа­­лып тұр. Өз күшімізбен ұңғыма қа­­зып, жерасты суын тұтынуға мәж­­бүрміз Құдды 17-ші ғасырда тұрмыс кешіп жатқан сияқтымыз. Өркениет көшіне ілесе алмай, әлі күнге суды тасып ішіп отыр­­мыз», – деп ашынады Тоқабай ауы­­лының тұрғыны, ауылдық қоғамдық кеңес мүшесі Наға­шыбай Сариев.

Жалпы, осыдан 5-6 жыл бұ­рын аталмыш ауылға ауызсу тарту жұмыстары бастау алғаны көпшілікке жария болған еді. Сол уақытта жоба-сметалық құжат­­­тарын әзірлеуге облыстық бюд­­­жеттен 52 млн теңге бөлінгені, келер жылы ауылға су құбыры тартылатыны айтылған болатын. Бертін келе, 2021 жылы ауылға ауызсу құбырын тарту жұмыстары басталғаны көпшілікті қуанышқа кенелтті. Алайда жұмыс жар ор­т­адан тоқтады. Сол кездері мұны республикалық су комитеті меке­месінде бюджетке түзету енгізіліп жатқанымен түсіндірілді. Десе де, жергілікті жұртшылық әлі күнге дейін ауызсу құбырын тар­ту жұ­мыстарында қозғау болмай тұр­ғанын алға тартады. Тіп­ті, қашан жалғасатыны жайында да құзыр­лы орындар жұм­ған аузын ашар емес деп ашынады халық. 

«Бүгінде ауыл халқы өз күнін өзі көріп отыр деп айтуға болады. Ауыл­дан өз күшімізбен құдық қаздырдық. Бұл жұмысқа ауыл халық болып, 10 мың теңгеден қар­жы жинадық. Сөйтіп, жер­асты суын шығарып, сол жерден тасып ішіп отырмыз. Өйткені бүгін-ертең сапалы ауызсу тұты­намыз деген үміт қалмады. Тұ­шы­тылған суды түсімізде көріп жүрміз. Әзірге жерасты суымен жан бағып отырмыз», – деп на­зын жеткізді ауыл тұрғыны. 

Бұл аз десеңіз, облыс орта­лы­ғындағы ауызсу сапасының тө­мен­дігі де жиі тілге тиек болып қалып жатады. Соның ішінде Қы­зылорда қаласындағы «Арай-2» жә­не «Арай-3» шағынауданы халқы лай су ішіп отырғанын ай­тып жиі шағымданады. 

Негізінен, Қызылорда қа­ласы бойынша ауызсуды тұтыну кө­лемі 62 мың текше метрді құ­рай­ды екен. Ал жаз мезгілінде оның көлемі екі есеге артады. Соған орай тұрғындарға ауыз­суды тиім­ді пайдалану жөнінде жұмыстар­ды жүргізу қолға алын­ған. Өт­кенде өңірлік ком­муни­ка­циялар қыз­метінің ақ­парат алаңында облыс­тық Энер­гетика және тұр­ғын үй-­­­ком­­­­­­мунал­дық шаруа­шы­лық басқар­масы бас­шысының орын­басары Бауыр­жан Ізма­ғанбетов осылай деп мәлімдеген еді.

«Қаладағы «Арай-2» және «Арай-3» шағынаудандарындағы ауызсу сапасына тұрғындар тара­пынан шағымдар көп келеді. Бұл ретте ондағы тұрғындар «Арай» су алу құрылымдарымен қамта­ма­сыз етілуде. Бұл құрылым 2013 жылы пайдалануға берілген болатын. Қазір судың сапасына байланысты талдау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ ұңғыма­лардан су алынып, зертханаларға сараптамаға жіберілді», – деп түсіндірді басқарма басшысының орынбасары.

Жалпы, құзырлы орынның ресми дерегіне сәйкес, Қызыл­орда облысы аумағында бүгінде орталықтандырылған ауызсу жүйе­сіне қосылмаған адам аз қоныстанған 26 елді мекен бар екен. Осы орайда облыс орталы­ғындағы кейбір шағын аудандар­дағы ауызсу сапасының сын көтер­мейтін күйде тұрғанын ес­керсек, аталмыш ауылдардың қазіргі ахуалын бағамдай беруге болатын шығар. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы