Апта басында Президент Қасым-­­­­­­­­­Жомарт Тоқаевтың Euro­news-те жарияланған «Орта державалар мультилатерализмді сақ­­­­­­­­­­­­­тауға қабілетті» дейтін ма­қа­ласы соңғы жылдары жиі айтыла бас­­­­­­­­таған орта державалар ұғ­ымының төңірегінде өрбиді.
Таразы басын тең ұстаған
603
оқылды

Ма­­­­­­­­қа­ла­­­да осынау топқа кіретін мем­ле­кет­­­­­­тердің мүмкіндіктері мен жа-уапкершілігі сипатталған. Әрі Қа­­­зақ­­­­­станның жаһандық саясат­тағы ұстанымы мен орнын көр­сет­ті. Са­­­р­апшылардың елі­мізді «ор­­­та дер­­­жава» қатарына қоса бас­­­тауы мемлекеттің ішкі-сыртқы сая­­сатының дұрыс бағыт­та екенін  көр­­сететін болса керек. 

Биыл ақпанда Германияның Stiftung Wissenschaft und Politik Халықаралық және қауіпсіздік мәселелері институты Қазақ­стан­ды middle powers – «орта державалар» тобы­на қосты. Әзірге сарапшылар тобы «орта державалар» ұғымының  бірізді анық­тамасын бере алған жоқ. Түрлі  көзқарас бар. Кейбір тізімде 50-ден астам мемлекет жүр. Соның ішінде Солтүстік Корея тәрізді елдер де тізімге енгізілген. Дегенмен көп жағдайда Канада, Бразилия, Аустрия, Аустралия, Швейцария, Түркия, Индонезия, Мысыр, Сауд Арабиясы қатарлы елдерді де осы топтан көруге болады. Бұлар белгілі бір ықпалы бар, даму қарқыны жақсы, аймақ­тық мәселелерді шешуде  төңіректегі елдер санасуға мәжбүр болатын мемлекеттер. Мұндай мемлекеттер өздері ғана емес, тұтас аймақтың дамуына, түрлі мәселенің ше­шілуі­не ықпал етеді. Кейде супердер­жава­лардың белгілі бір геосаяси ойындарын тежеуі де мүмкін. Әлбетте, тізе қоса қимыл­да­са ғана.

Әрине, Қазақстан  Президентінің  ма­қа­­ла­сы ағылшын тілінде  жазылған­дық­тан, «орта державалар»  ұғымы middle powers деп берілген. Тікелей аудармасы «ортаңғы күш­тер» деген сөз. Расында да, әлемнің түрлі аймағының дамуына осы күштер­дің көп ықпал ететіні байқалып жүр. Сондықтан Қа­зақ­стан Президенті орта держава­лардың адамзат тағдырына әсер ететінін емеурінмен  жеткізді.  

Сарапшылар орта державалар тобына кіретін елдерді түрлі критерийлер бойынша анықтап жатады. Біз де мамандардан жөн сұрап, пікірін білдік. 

Самат НҰРТАЗА, 

Мәжіліс депутаты, 

«Amanat» партиясы

фракциясының мүшесі:

– Менің ойымша, орта держава дегені­міз – ядро­лық қаруы жоқ, бірақ нақты бір өңі­рде беделі зор, абыр­ойы жоғары мемлекет. Айталық, Сингапур өз аймағында өте беделді ел. Айналасында Тайланд, Малайзия, Индонезия, Вьетнам тәрізді мемлекеттер бар. Олардың барлығы жер көлемі Син­га­пурдан үлкен, алайда экономика жағынан Сингапурдың бәсі жоғары. Сон­дықтан айналасындағы мемлекеттер Син­гапур­дың ішкі-сыртқы саясатына, эко­но­ми­касына назар аударып отырады. Осы елдің ұстанымымен санасады. Сол сияқты Орталық Америкада Мексика бар. Бұл ел Солтүстік және Оң­түстік Американы қоспай, сол өңірді ғана есепке алсақ, аймақта  көшбасшы болып отыр. Сальвадор, Коста-Рика, Куба, Панама, Ямайка сияқ­т­ы елдер Мексикамен санасады. Сол сияқты Қазақстан – Орталық Азияда ең бедел­ді мемлекет. Қазақстанның беделді болуына бірнеше фактор әсер етеді. Ең алдымен жер көлемінің үлкендігі тұр. Әлемдегі екі супердержавамен шекараласуы, Президенті­міздің белсенді сыртқы саясат жүргізуі өз әсерін тигізіп жатыр деп ойлаймын. Әу бастан солай еді. Орталық Азия елдерінің ішінде сыртқы қарым-қатынаста ең белсенді болғаны және әлі де сол позициясын сақтап  қалған  мемлекет – Қазақстан. Біздің ел  көптеген ұйым­­ның құрылу­ында бастамашыл топ­­тың  қатарын­да бол­ды. 

Біз түрлі платформаны, диалог алаң­дарын ұсындық. Белсендіміз. Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясатта көпжақ­ты қарым-қатынасқа назар аударып келеді. Президенттің түрлі халық­аралық­ жиын­ға қатысуы, шетелдерге сапары Қазақ­станға қатысты оң көзқарасты қалып­­тас­тырады. Демокра­тия­­лық процестері тереңдеген,  жаңалыққа құмар,  экономикасы дамып жатқан ел ретінде бағалайды. Middle powers ұғымын  әдетте сарапшылар жиі талқылай­тын­дықтан, Президенттің әр мәлімдемесі, пікірі, айтқан дерегі ескеріледі. Инвес­тиция­лық климаты жақсы, либералды құндылық­тарға оң көзқарас қалыптасқан,  өлім жазасын түбегейлі алып тастаған,  прези­дент­тің қызмет ету мерзімі бір ретпен шектелген ел деп таниды. Оған айнала­дағы қақтығыс­тарды реттеуге деген ұм­тылыс­ы­мызды қосыңыз. Ауғанстанды тұрақтан­дыру,  Әзербайжан мен Армения ара­сындағы шиеленісті шешу, Сириядағы күштерге диалог алаңын ұсыну тәрізді бас­­тамаларымыз әлбетте назардан тыс қал­май­ды. Орта­лық Азия елдерінің хал­ық­­аралық мәселе­лерде бір позицияда болу бастамасын да Қазақстан көтерді әрі көршілер осы ұсын­ыс­қа келісті. Іс жүзінде аймақта көшбасшы дәрежесіне жеттік. Сондықтан сарапшылар бізді орта дер­жава­лардың қатарына қосып отыр. Менің­ше, біз оған лайықпыз. Ал супердержавалар деп көп жағдайда ядро­лық қаруы бар елдер аталып жүр. 

Айдар ҚҰРМАШЕВ,  

Қазақстан стратегиялық зерттеулер 

институтының бөлім жетекшісі:

– Әлемдік сахнада қандай да бір мем­лекет­тің статусы немесе рөлі жөнін­дегі түсі­ніктің ма­ңы­­зы­ зор болады. Дегенмен «шағын», «орта» немесе «ірі» держава ұғым­дар­­ы­ның  ара­сын­­­дағы айыр­ма­­­­шы­лық­­­­ты сипаттайтын нақты ғылыми пайым­ жоқ.

Халықаралық  қатынастардағы көпші­лік қабылдаған  көзқарастар  қандай да бір мемлекетті белгілі бір санатқа енгізуге мүм­кін­дік береді. Сөйте тұра, технология­лық  прогресс пен заманауи  экономиканың  қар­­­қынды дамуы  мемлекеттерді санатқа бөлу­дің өзін шарттылыққа айналдыра бас­тады. 

Сонғы он шақты  жылда ірі державалар  қатарына кірмегенмен, Оңтүстік Корея, Түркия, Израиль, Индонезия қатарлы мем­лекет­тер халықаралық сахнада  маңыз­ды, тіпті  кейде шешуші рөл ойнай бастады. 

Осыған байланысты ғалымдар мем­лекет­тер­дің  шағын,  орташа және ірі екен­­­ін анықтайтын санаттар тобының критерий­леріне қатысты түрлі теория ұсын­ып жүр.­­ Бұл теорияларға сәйкес көр­сеткіштер елдердің сыртқы әсерлерге төтеп беруінен, халықаралық  жағдайға ықпал етуінен, сөй­те тұра өзінің  ұлттық мүдделерін қорғауы мен ілгерілетуінен көрініс табатынын атап өткен жөн. 

Зерттеушілер бірінші кезекте орташа державалардың аймақ дамуына әсер етуге қа­ж­ет жеткілікті мөлшерде экономикалық және әскери әлеуетке ие екенін атайды. Ол­­ар біршама экономикалық автономияға  ие және өз ресурстарын, инвестициялық саясаты мен  сауда-саттықты стратегиялық тұрғыда қолдану арқылы  халықаралық трендтерге  ықпал етуге қауқарлы келеді. Орта державалар экономикалық интеграция және кооперация идеясын жүргізу арқылы аймақтық блоктар мен халық­аралық сауда келісімдерінде шешуші  рөл ойнайды.  Олар халықаралық институттар жұмысына  белсене қатысып,  сол инсти­тут­тарды басқара жүріп, тұрақты даму мен хал­ық­аралық қауіпсіздікті сақтауға ықпал ету бойынша күн тәртібін ұсынады. 

Әдетте мұндай мемлекеттер  халықара­лық шиеленістер кезінде диалог үшін платформа ұсынып, дау-дамайды бейбіт  жолмен шешуге ықпал ететін  ара ағайын рөлін жиі атқарады. 

Бір сөзбен айтқанда,  орта державалар­дың  сыртқы саясаты әдетте  таразы басын тең ұстаумен, халықаралық мәселелерді ше­шу­­ге конструктивті ұстанымымен ерекшеленеді. Бұл елдер өз аймақтарында ха­лық­­­аралық  қатынастарда тұрақтан­дыру­шы элемент ретінде әрекет етіп, сер­ік­­­­тес­тік байланыстарды сақтауға ұмтылады.

Қазақстанды  орта держава ретінде  танытып отырған шешуші параметр ретінде экономикалық өсім көрсеткіші, сыртқы саясаттағы белсенділігі, сонымен қатар қауіпсіздік негіздерін  нығайтуы деп білемін. Экономикалық өсімді талдайтын болсақ, Дүниежүзілік банктің  2022 жылғы деректері бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі сатып алу қабілеті партитеті бойынша 11 492 долларға жетті. Әлемде бұл көрсеткіш орташа алғанда 12 684 доллар болды. Ал Қазақстанның жалпы ұлттық өнімі 2022 жылы 215 млрд 975 млн доллар болды.

Қазақстанның  ішкі саясаты да орта державалар үшін маңызды аспект болып саналатын тұрақты дамуға ұмтылыспен ерекшеленеді. Ел басшылығы мемлекет басқаруда, сайлау процесінде, сот-құқы  жүйесінде және азаматтық қоғамда жүйелік реформа жүргізіп жатыр. Бұл өз кезегінде тұрақты әлеуметтік-экономика­лық және саяси орта қалыптастырады. 

Сыртқы саясатқа келсек, Қазақстан  орта мемлекеттер қатарына кіруге қажет  барлық сипатқа  ие. Халықаралық қауым­дас­тықта сенімді серіктес бола отырып,  Қа­зақ­стан өз көршілерімен байланыс тең­­­герімін сақтап, бейбітшілік пен қауіп­сіздікті нығайтуға атсалысып келеді. 

Біздің ел қақтығысып жатқан мем­лекет­­тердің ішкі ісіне араласпау  саясатын  ұста­нады, сондықтан  халықаралық дауларды  шешуде әділ болуға ұмтылады. 

Сонымен қатар еліміз  халықаралық бітімгерлік  миссиялар мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған аймақтық  бастама­ларға белсене қатысады. 2024 жылы Қа­зақ­­стан әскерилері БҰҰ-ның Таяу Шығыс пен Судандағы миссияларына қатысты. Еліміз сонымен қатар халық­аралық терро­р­изм­мен, экстремизммен және ұйым­дас­қан қыл­­мыс­­пен күресуге де өз үлесін қос­­­­­­ып келеді. Бұл бағыттағы нәтиже­лі жұмыстар ұлттық қана емес, ай­­мақ­­­тық қауіп­сіздікті де нығайта түседі. 

А. ҚҰРМЕТ