Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Халықаралық балаларды қорғау күніне орай тілегін жеткізді.
Омбудсмен балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікті болдырмауға шақырды
818
оқылды

Ол бүлдіршіндер мен жеткіншектерді мерекелерімен құттықтап, ақылды, талантты, үміт артқан балаларымызбен мақтанатынын айтты, – деп жазады Aikyn.kz.

"Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Қазақстанда біз бұл салтанатты күнді дәстүрлі түрде мереке ретінде атап өтеміз. Балалар еліміздің ең маңызды құндылығы!

Сонымен қатар, балаларды қорғау, олардың құқықтарын қамтамасыз ету және қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау қоғамның әр мүшесі үшін басымдық екенін бәріміз түсінуіміз керек! Балалар қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – ортақ мақсат.

Әр баланың өмірі мен қауіпсіздігі ересектерге және ең алдымен, оның ата-анасына байланысты. Ата-ана ретінде балаларымыздың тағдыры үшін бірінші кезекте біз жауапты екенімізді үнемі есте ұстауымыз керек", – деп жазады Д. Зәкиева.

Бір өкініштісі, статистика балаларға қауіптің жиі төнетінін көрсетеді. Күн сайын 3 бала терезеден құлап, уланудан, жарақаттанудан, көлік апатынан қайтыс болып жатыр. Зорлық-зомбылыққа қатысты трагедиялардың көбін болдырмауға болушы еді, 70% жағдайда айналадағы адамдар уақытында әрекет етпеді.

"Сондықтан бүгін, Балаларды қорғау күні, мен, қымбатты ата-аналар, ересектер, бәріңізді, балаларға сезімталдық пен жауапкершілік танытуға, балалар қорғаушысы болуға, оларға қиын жағдайда көмектесуге, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікті болдырмауға шақырамын!

Біздің балалық шақты қорғаудың ұлттық жүйесінде біз биліктің барлық тармақтарының, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың тығыз өзара іс-қимылы мен қолдауына сенеміз.

Бәріміз бірге балаларымыздың бақытты балалық шағы үшін қажет нәрсенің бәрін жасай алатынымызға кәміл сенемін!", – деп жазады Динара Зәкиева.