Жекпе-жек Лас-Вегастағы бокс кешіне жоспарланып отыр.
Жәнібек Әлімханұлының шаршы алаңға қашан шығатыны анықталды
1,874
оқылды

Top Rank промоутерлік компаниясы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) рингке оралатынын мәлімдеді, – деп жазады Aikyn.kz.

Vesti.kz порталы хабарлағандай, қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін жаңазеландиялық Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы өткізеді.

Жекпе-жек 13 шілдеде Лас-Вегастағы бокс кешіне жоспарланған.

«Орта салмақтың патшасы оралуда. 13 шілде, сенбіде Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионының титулдарын Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жекте сарапқа салады», – делінген Top Rank-тың хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.