Өнер иесі қала орталығындағы жолдардың жағдайы көңіл көншітпейтінін айтады.
«Қалай ұялмайсыздар?»: әнші Жеңіс Ысқақова Ақтөбенің шұрық тесік жолдарын көріп, әкімдікке үндеу жасады
Фото: instagram.com/zhenisiskakova
4,044
оқылды

Әнші Жеңіс Ысқақова Ақтөбедегі жолдар шұрық тесік екенін айтып, әкімдіктің мәселеге назар аударуын сұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Өнер иесі қала орталығындағы жолдардың жағдайы көңіл көншітпейтінін айтады.

"Ақтөбелік достар, сіздерге қонақжайлықтарыңыз үшін мың алғыс. Көңіл күйім керемет. Бірақ Ақтөбе қаласының орталық көшелері көңіл күйімді түсірді. Әлемге әйгілі Ақтөбе қаласының орталық көшелері неге шұрық тесік? Қалай ұялмайсыздар, әкімшілік (әкімдік – ред.), сіздер тікұшақпен жүресіздер ме? Егер қала ішіндегі көшелер осындай шұрық тесік болса, сыртқы ауыл-аймаққа қатынайтын көшелердің жағдайын айта алмаймын. Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының әкімшілігі (әкімдігі – ред.) мен бірнеше күн бұрын Қызылорда қаласында іссапарда болдым. Ол жақтағы көшелер теп-тегіс. Экологиялық жағдайы төмен Қызылорда қаласының көшелері тап-таза, көгалдандырылған, сүп-сүйкімді қала. Қызылорданың әкімшілігіне (әкімдігіне – ред.) барып, шеберлік курсын алыңыздар. Сіздердің намыстарыңызға солай тимесе болмайды екен. Менің намысыма тиіп тұр", – деді әнші. 

Желі қолданушыларының басым бөлігі әншіге қолдау білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ZHENIS ISKAKOVA (@zhenisiskakova)