Ұлттық статистикалық бюроның мәлімдеуінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бір жылда 0,6%-ға төмендеген
400
оқылды

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде өзгеріссіз қалды, ал жылдық мәнде 0,6% төмендеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады, – делінген бюро таратқан хабарламада.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2024 жылғы 28 мамыр/:

Күріш – 491 тг/келі

Қырыққабат – 128 тг/келі

Пияз – 116 тг/келі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.