Болжам бойынша, 59 жастағы ер адам «Қазақстан су жолдары» РМҚК-ға тиесілі теплоходтың палубасынан құлап, суға батып кеткен.
Павлодар облысында 20 күн бұрын жоғалып кеткен теплоход капитанының денесі табылды
rivertram.ru
1,043
оқылды

Шабар ауылының маңындағы Ертіс өзенінде теплоход капитаны суға батып кетті. Іздеу жұмыстары 20 күнге созылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Pavon.kz сайты жазғандай, қайғылы оқиға 8 мамыр күні түнде болған. Келесі күні таңертең іздеу жұмыстарына төрт сүңгуір келіп жеткен. Болжам бойынша, 59 жастағы ер адам «Қазақстан су жолдары» РМҚК-ға тиесілі теплоходтың палубасынан құлап, суға батып кеткен.

Іздеу жұмыстары он күнге созылды, бірақ нәтиже бермеді. Туыстарының өтініші бойынша жұмыс одан әрі жалғастырылды.

«Жиырмасыншы күні біз мәйітті Аққулы ауылынан 60 шақырым жердегі төмен ағыстан таптық. Өзен әлі өз арнасына түспегендіктен, су лай, ештеңе көрінбеді. Біздің сүңгуірлер өмірлерін қатерге тігіп, суға сүңгіді. Судың ішінде қоқыстар көп», – деді Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Қасымов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.