Алматы зообағында балаларға биыл дүниеге келген хайуанаттарды көрсетті.
Алматы зообағында биыл 70 жануар дүниеге келген
372
оқылды

Онда биыл 70 жануар дүниеге келген, – деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зообақ ұжымы кішкентай хайуанаттардың видеосын желі парақшасында жариялады. 

"Биыл біздің зообағымызда 70 кішкентай жануар дүниеге келді. Балалар мерекесі қуаныш пен күлкіге, көңілді сәттерге толы болсын. Отбасыңызбен келіп, кішкентай жануарларымызбен танысып, демалыстарыңызды сәтті өткізіңіздер. Барлық балаға денсаулық, бақыт, жарқын әсерлер мен көтеріңкі көңіл күй тілейміз. Мереке күні айналамыздағы ғажайып табиғат әлемі сияқты сиқырлы, көркем әрі тамаша болсын", – делінген жазбада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.