Оқиға Атырау облыстық сотының ғимаратында 31 мамыр күні сағат 12:30 шамасында болған.
Сот ғимаратында өзіне пышақ салған: Атырауда сотталушыға қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды
2,086
оқылды

Атырауда сотталушы сот ғимаратында өзіне пышақ салған. Оған медициналық көмек көрсетіліп, кейін тергеу изоляторына қамалды, – деп жазады Aikyn.kz.

«Сотталушы өз-өзіне қол жұмсауға оқталды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотталушыға медициналық көмек көрсетілді. Содан соң тергеу изоляторына оқшауландырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.