Мұхамедсабыр Базарбайұлы шешуші жекпе-жекте молдовалық Александр Парасчивті 5:0 есебімен жеңді.
Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасына жолдама алды
Фото: ҰОК
2,328
оқылды

Таиландтың  Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан ерлер құрамасы соңғы жолдамасын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 63,5 келі салмақта сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы шешуші жекпе-жекте молдовалық Александр Парасчивті 5:0 есебімен жеңді. 

Осылайша, Мырзағали Айтжанов шәкірттері Олимпиадаға толық құрамда барады.

Мұхамедсабыр іріктеу турнирінде филиппиндік Кристиан Питт Лорент, түркиялық Мизан Айкол, италиялық Джанлуиджи Маланганы жеңіп, ширек финалда кубалық Эрисланди Альвареске 2:3 есебімен есе жіберді. Бұл салмақта Олимпиадаға бес жолдама беріледі. Төртеуіне жартылай финалға шыққан былғары қолғап шеберлері ие болса, бір жолдамаға ширек финалда сүрінген боксшылар таласатын. Қазақстандық боксшы бұл жолы алдымен колумбиялық Хосе Мануэль Вифараны, одан кейін молдовалық Александр Парасчивті жеңіп, Олимпиада жолдамасын алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.