Бүгін ауа райы қандай болады?
Жаңбыр, бұршақ, екпінді жел: 3 маусымға арналған ауа райы болжамы
5,488
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін ел аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етіп, құбылмалы ауа райы сақталады.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің шығысында қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршақ болады.

Республиканың солтүстік және орталық аймақтарында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Ел аумағы бойынша жел күшейіп, шығыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. 

Түркістанның тау бөктеріндегі аудандарында, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды және Ұлытау облыстарында өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атыраудың солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысы мен батысында, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.