Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді.
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты 17 автобустың маршруты өзгерді
1,187
оқылды

«City Transportation Systems» ЖШС 2 маусымнан бастап жол жөндеу жұмыстарына байланысты Астанадағы 17 бағыттың қозғалыс кестесі уақытша өзгергенін ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 16, 42, 10, 12, 37, 49, 50, 51, 53, 55А, 55В, 61, 66, 302, 303, 308, 309 маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

– Қала тұрғындарынан жол жүру бағдарын алдын ала айқындап алуды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.