Қазір қаладағы гидробекеттегі су деңгейі – 5 метр 97 сантиметр.
Жайықтағы су деңгейі Атырау қаласының аумағында да төмендей бастады
2,795
оқылды

Өңірлік ТЖ жөніндегі жедел штаб Жайық өзенінің суы Атырау қаласының тұсында да төмендей бастағанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

2 маусымдағы мәліметпен салыстырғанда бірнеше елді мекенің тұсында өзен суы төмендеп келеді.

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша 3 маусым, сағат 8:00 бойынша мәлімет:

  • с. Индербор -6 см, су деңгейі - 929 см, шекті деңгейі - 845 см;
  • с. Махамбет -5 см, су деңгейі - 1006 см, шекті деңгейі - 850 см;
  • Атырау қ. -1 см, су деңгейі -597 см, шекті деңгейі - 550 см;
  • Жаңаталап ауылы -0 см, су деңгейі - 430  см, шекті деңгейі - 500 см;
  • с. Еркінқала -0 см су деңгейі - 387 см, шекті деңгейі - 450 см.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.