Бұл туралы кәсіпкер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы болып сайланды
926
оқылды

Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Бұл туралы кәсіпкер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Сондай-ақ ол жоспарлары жөніндегі ақпаратты да бөлісті.

«Мен Паралимпиада федерациялары өкілдерінің бірауыздан шешімімен Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Мені қолдағандардың бәріне алғыс айтқым келеді. Мен үшін бұл өте маңызды қызмет. Біз Қазақстанда паралимпиадалық қозғалысты дамыту жөніндегі ауқымды стратегиямызды іске асыру жолындамыз. Соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмаймыз. Жоспарымыз көп», – деп жазды Қайрат Боранбаев.

Оның айтуынша, бүгінде Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына қызу дайындық жүріп жатыр. Жыл соңына дейін Астанада жаңа жаттығу орталығының құрылысы басталмақ. Сонымен қатар, «Тарлан» инклюзивті мұз айдынын қайта жаңарту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек паралимпиадашыларға арналған заманауи тренажерлер сатып алынбақ.

«Менің мақсатым – паралимпиадалық спорттың тиімді жүйесін құру және Қазақстанның өңірдегі спорттық көшбасшылығын нығайту. Осы жолда мені қолдайтындардың барлығына ризамын!», – деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.