Министр алаңдарды құрылыс материалдарымен толық қамтамасыз етуді және құрылыс сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Министр су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы нысандарын тексерді
991
оқылды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы нысандарын аралады, – деп хабарлайды Aikyn.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

​Қаратөбе, Сырым және Теректі аудандарында құрылысты 2024 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланған.

​Кейінгі мәлімет бойынша, Қаратөбе ауданында 97 үй зардап шексе, оның 90 үйі тұруға жарамсыз, 7 үй жөндеуді қажет етеді. Құрылыс сатысында 90 үй, 72 – жаңа алаңда, 18 – бұрынғы телімдерде.

​Сырым ауданында 257 үй зардап шекті: 114-і тұруға жарамсыз, 149-ы жөндеуді қажет етті. 114 үй құрылыс сатысында, оның 51-і – жаңа телімдерде, 63-і –бұрынғы телімдерде.

​Теректі ауданында 45 үй зардап шеккен, 23-і – жарамсыз, 21-і – жөндеуді қажет етеді, 1-і сатып алынған. Жаңа алаңдарда құрылыс сатысындағы 18 үй бар.

​Нысандарды тексеру барысында Қанат Шарлапаев алаңдарды құрылыс материалдарымен толық қамтамасыз етуді және құрылыс сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.