Марқұм 26 мамыр күні жоғалып кеткен.
Абай облысында 30 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен анасы қамауға алынды
Фото: ktk.kz
1,680
оқылды

Абай облысында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған қыздың өлі денесі табылды. 30 жастағы Динара Досымбекованы өлтірді деген күдікпен туған анасы қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Марқұм 26 мамыр күні жоғалып кеткен. Оның із-түзсіз жоғалғанын айтып анасы полицияға арыз түсіріпті. Тіпті ауылдан Семей қаласына бармақ болып, «қызым таксиге мініп кетті» деп өтірік айтқан. Алайда шаһардағы бейнебақылау камераларын түгел тексеріп, шарқ-ұрып іздеген полиция қызметкерлері Динараны таппады. Тек бір аптадан кейін өз қызын өлтіріп, мүрдесін жасырып тастады деген күдікпен туған анасы ұсталды. Қазір қандықол әйел қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.  

«Полиция қызметкерлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде 30 жастағы қыздың жоғалып кету мән-жайы анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды», – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Зәкімов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.