Болашақта балаларынан үлкен үміт күтетінін айтады.
«Қайрат қарсы болды»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне арнап жазба жариялады
Фото: instagram.com/ sultankyzy
5,905
оқылды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы ауылға салып берген балабақшаны көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Айтуынша, халық мекемеге «Қайрат» деген атау бергісі келгенде, жолдасы қарсы болған.

“Кеше осы видеоны Қызылкөлдің келіні Әйгерім жіберді. Соңына дейін көріңізші, бұл біздің отбасымыз үшін өте бір ыстық, құнды тарих. Осы балабақша салынып жатқанда Сардарыма аяғым ауыр еді. Салынып біткенде жергілікті халық атын "Қайрат" деп қоямыз дегенде Қайрекең қатты қарсы болған. Ауыл ақсақалдары балабақша біздікі, бізге салдың, біз өзіміз шешеміз деген соң, амал жоқ, келісті. Үлкенді сыйлаған, үлкеннің сөзінен озбаған халықпыз ғой. Осы мекемені жылдар бойы ескіртпей, күтіп отырған меңгерушісі Нұржамал апай мен ұжымға алғысым шексіз!”, – деп жазды тележүргізуші. 

Болашақта балаларынан үлкен үміт күтетінін айтады.

“Қазір ұлдар әкесінің әр еңбегі мен жақсылықтарынан хабардар. Ауылға да барып тұрамыз, басымыз қосылса болды, естеліктерді айтып, сырласамыз. Ендігі арманым, Сағадат пен Сардар әкесінің ізін жалғап, салиқалы азамат болып өссе деймін”, – деді тележүргізуші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)