Бұған дейін gov.kz платформасында су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілетін орындардан тікелей трансляция көрсетілген еді.
Тасқыннан зардап шеккендерге арнап салынып жатқан баспана құрылысын онлайн бақылауға болады
Фото: azh.kz
1,007
оқылды

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арнап салынып жатқан баспана құрылысының барысын онлайн бақылауға болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz azh.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бастамасымен ЦДИАӨМ, Sergek Group, «ҰАТ» АҚ және әкімдіктермен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккендер үшін жаңа тұрғын үйлер салу орындарында бейнекамералар орнатып, Sergek VMS кешенді бейнебақылау жүйесіне біріктіру жұмыстарын жүргізді.

«Біз бұған дейін gov.kz платформасында су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілетін орындардан трансляция шығардық. VMS кешенді жүйесінің көмегімен қазақстандықтар зардап шеккендер үшін салынып жатқан тұрғын үй құрылысының барысын бақылай алады. Қазақстандықтардың өмірін жақсарту, олардың қауіпсіздігі мен ақпараттандырылуы үшін әзірлеген технологияларды қолдану – біздің әлеуметтік жауапкершілігіміз. Біз ел үшін қиын уақытта пайдалы болғанымызға қуаныштымыз. Біздің қызметкерлер өз құзыреті шегінде қажетті көмек көрсету үшін ТЖ жедел штабтарында және су басқан елді мекендерде еңбек етуде», – деп бөлісті Sergek Group бас директоры Асет Ахметов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.