Ресей, Грузия, Түркияда дзюдодан өтетін турнирлер коронавирусқа байланысты тоқтады
Ресей, Грузия, Түркияда дзюдодан өтетін турнирлер коронавирусқа байланысты тоқтады
Фото: Интернеттен алынды
329
оқылды
Дзюдодан олимпиадалық іріктеу турнирлері уақытша тоқтатылды, – деп жазады «Қазақпарат». Нақты айтқанда, IJF күнтізбесіндегі 30 сәуірге дейінгі Олимпиадалық лицензиялық турнирлер кейінге қалды. Бұл туралы халықаралық дзюдо федерациясы ресми түрде мәлім етті. Айта кетейік, кейінге қалған жарыстар қатарында Екатеринбургтегі (Ресей) Grand Slam, Тбилиси (Грузия) мен Анталиядағы (Түркия) Гран При турнирлері бар. IJF ережесіне сәйкес, Grand Slam жарысында жеңімпаздарға 1000 ұпай берілсе, екінші орын жеңіп алған татами шеберіне 700 ұпай, ал үшінші орын алған балуанға 500 ұпайдан берілесе, Гран При кезеңінде жеңімпаздарға әлем рейтингінде 700 ұпайға, күміс жүлдегерге 490, қола жүлдегерге 350 ұпайдан қосылады. Сондықтан дзюдошылар Олимпиада ойындарына әлемдік рейтингтегі ұпайларына қарай бара алады.