Бірінші вице-премьер Роман Склярдың айтуынша, бұл жұмысты Qazindustry институты күнделікті жүргізеді.
Қазақстан Үкіметі өнеркәсіптің барлық саласын қолдайды
1,354
оқылды

Еліміздің барлық өнеркәсіп салалары, оның ішінде ТКМК да мемлекеттен қандай да бір преференциялар алады. Өз кезегінде Үкімет оларды отандық өнімді сатып алу көлемін ұлғайту арқылы өңірлерде шағын және орта кәсіпкерліктің өсуін ынталандыруға шақырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бірінші вице-премьер Роман Склярдың айтуынша, бұл жұмысты Qazindustry институты күнделікті жүргізеді. Бұл ретте ірі және орта компаниялар тарапынан толық түсінік қалыптасқан.

«Премьер-Министрдің ірі компаниялардың алдына қойған тағы бір міндеті – қайта бөлінуі жоғары өндірістерді дамыту. Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін біздегі барлық алюминий экспортқа шығарылатын. Тіптен, алюминий сатып алғысы келген қазақстандық компаниялар оны көрші елден сатып алған кездер де болған. Бастапқыда сенімге кіру арқылы, кейіннен қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдай отырып, біз өзіміздің қайта өңдеушілеріміз үшін ішкі бағаның Лондон биржасынан 5%-ға төмендеуіне қол жеткіздік. Өткен жылы 51 мың тонна алюминий ел ішінде қайта өңделді. 

Бұл бағытты біз әрі қарай жалғастырамыз. Барлық нормативтік-құқықтық актілер бар, ірі компаниялар өз шикізатын аз жеңілдікпен береді, өндірісті ұйымдастыру үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді және табысты арттырады. Шикізат нарығындағы қазіргі жағдайды ескерсек, бұл компаниялардың өздеріне де тиімді. Олар, әрине, салыстырмалы түрде төмен пайызбен, қымбат емес ұзақмерзімді несиелер сұрайды. Мүмкіндігінше бұл мәселелерді де шешеміз», – деді Роман Скляр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.