Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында, Жастар ресурстық орталықтары 10 мыңнан астам жалауша таратты.
«Рәміздерім – мақтанышым» атты челленджге 20 000-нан астам адам қатысты
1,013
оқылды

Мемлекеттік рәміздер күніне орай, жастар саясаты саласында 1000-нан астам іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, мереке аясында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі, көліктер шеруі өтті. Кей өңірлердегі белсенділер «Taxi Show» зияткерлік акциясын бастады. 

Әлеуметтік желілерде Алматы қаласы студенттер Альянсы ұйымдастырған «Рәміздерім – мақтанышым» атты челленджге 20 мың адам қатысты. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында, Жастар ресурстық орталықтары 10 мыңнан астам жалауша таратты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.