Әңгіме барысында жастар істеген қылмысы үшін өкінетінін айтты.
Әнші Бүркіт түрмедегі жастармен кездесті
Фото: видеодан кадр
1,251
оқылды

Әнші Бүркіт Алматы прокуратурасы ұйымдастырған «Тоқта-есірткі» акциясы аясында түрмеге барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы прокуратурасы әншінің түрмедегі жас балалармен кездескен сәтін әлеуметтік желіге жариялады. 

Өнер иесі әр баламен сөйлесіп, ақыл-кеңесін айтты. Балалардың біреуі колледжде оқып жүргенде ақшадан қысылып, жаман әрекетке барғанын жеткізді. Әңгіме барысында олар істеген қылмысы үшін өкінетінін айтты.

«Бұл әрине сіздердің өмірлеріңізде өзгертуге келмейтін кезең. Бірақ, ертең босап шыққан соң, осыны ұмытып, жаңа өмір бастауға тырысыңдар. Қатарластарыңа бұл дертке жоламасын деп ақыл айтыңдар, аман болыңдар! Өте өкінішті, бәрі біздің қазақтың жап-жас балалары. Өте ауыр қылмыс үшін 14, 16 жастағы балалар жазасын өтеп жатыр. Олар есірткіні жерден көріп, қалтасына салғаны үшін ғана 3-7 жыл арқалап жатыр. Жастар, ұл-қыздар, бұған жоламаңдар! Ешқашан есірткі қолданбаңдар, оны таратпаңдар», – деді әнші жастарға.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.