Карина Мамаш күйеуінен көрген қорлығын видеомен дәлелдеді.
Карина Мамаш дипломат күйеуі ұрып жатқан жантүршігерлік видео жариялады
Фото: kz24.news
1,637
оқылды

Дубайдағы бұрынғы дипломаттың әйелі Карина Мамаш күйеуі ұрып жатқан сәттен видео жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сәкен Мамаш осыған дейін әйелінің айтқанын жоққа шығарып, әлеуметтік желіде үлгілі отағасы, бақытты жанұя екенін көрсеткісі келіп, біраз видео таратқан болатын. Алайда бүгін Карина Мамаш күйеуінен көрген қорлығын видеомен дәлелдеді.

Онда Каринаның бет-аузы көгеріп, мұрнынан қан сауғалаған сәттерін байқауға болады.

«Осы сәтті есте сақтап қалатындай етейік», – деп видео түсірген ол.

Еске салсақ, Карина Мамаш күйеуінің ұрып-соғатынын айтқан мәлімдемесінен кейін Сәкен Мамаш Дубайдағы қызметінен елге қайтарылған. Елші кеңесшісінің үстінен «азаптау» бабы бойынша іс қозғалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.