Аталған нысанның жалпы құны – 3 миллиард теңге.
Храпунов жекеге беріп жіберген жедел жәрдем кешені мемлекетке қайтарылды
Фото: qazpolit.org
589
оқылды

Алматыда жекенің қолына өтіп кеткен жедел жәрдем кешені мемлекетке қайтарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, аталған нысанның жалпы құны – 3 млрд теңге.

«Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының былтыр қараша айындағы шешімімен, қала прокурорының мемлекеттік мүлікті жекеменшікке беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енді», – деп атап өтті прокуратурадан.

Ауданы 3974 шаршы метр және 50 сотық жері бар бұл кешенді Алматы қаласының бұрынғы әкімі В. Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген.

Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік, қала әкімінің қаулысымен жедел медициналық жәрдем қызметінің балансына берілді, қосымша қосалқы станция ашу жоспарда бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.