Облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы құны 150 млн теңгеден асатын музыкалық іс-шараны ұйымдастыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлады.
Антикор Ұлытау облысы әкімдігі 150 миллион теңгеге өткізгісі келген концертті тоқтатты
Фото: t.me/ulytau_oblysynyn_akimdigi
771
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Ұлытау облысында бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалу фактісін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы құны 150 млн теңгеден асатын музыкалық іс-шараны ұйымдастыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлады», – делінген хабарламада.

Еске салайық, осы жылдың 17 сәуірінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерге еліміздің бірқатар өңіріндегі күрделі су тасқыны жағдайына байланысты имидждік және ірі іс-шаралардан бас тартуды тапсырды.

Осыған байланысты Мемлекеттік сатып алуды жүргізу жойылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.