Мектепке ауырмай кеткен, бойында дерті болмаған жасөспірімнің неден қайтыс болғаны жұмбақ күйінде қалып отыр.
Алматы іргесіндегі ауылда мектепке кеткен 10 жасар қыз жұмбақ жағдайда қайтыс болды
2,027
оқылды

Алматы іргесіндегі Қошмамбет ауылында мектепке кеткен 10 жасар оқушы көз жұмған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Мектепке ауырмай кеткен, бойында дерті болмаған жасөспірімнің неден қайтыс болғаны жұмбақ күйінде қалып отыр.

Сабақ үстінде «ішім ауырды» деп құлаған қыз сәлден кейін есін жоғалтып, жан тапсырған. Мектеп әкімшілігі оның өліміне себепкер деп жедел жәрдемді кінәлайды.

"Апайы хабарласты. "Тез жетпесеңіз болмайды" деді. "Не болды?" деп едім, "Мөлдір ұстамасы ұстап, құлап қалды" деді, – дейді марқұмның апасы Гүлбахар Далдабайқызы.

Қазір 10 жастағы қыздың отбасы ақша мен көмектен бас тартып отыр. Олардың айтуынша, кінәлілер жазаланса болғаны.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.