Президент елордадағы әлеуметтік нысандарды аралап көру барысында отба­сы­лық SANA Sport орталығында болды.
SANA Sport орталығындағы жүздесу
452
оқылды

Мұнда спорт, шығармашылық, білім ба­ғыт­тары бойынша 29 үйірме жұмыс істейді. Сон­дай-ақ 29 жаттықтырушы және 25 жоғары бі­лік­ті педагог еңбек етеді.

Мемлекет басшысына Damu Development Group консорциумы жүзеге асырып жатқан әлеу­­­меттік жобалар жөнінде мәлімет беріліп, SANA Sport кешені аумағындағы саябақты қай­та жаңғырту жоспары таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтағы спорт зал­дарын, шығармашылық үйірме бөлмелері мен оқу кабинеттерін аралап көрді. Сонымен қа­тар үйірмеге шеберлік дәрісін өткізуге келген шах­маттан екі дүркін әлем чемпионы Айару Ал­тынбекке сыйлық табыстап, сәттілік тіледі. Жас шахматшы бұған дейін Президентке хат жа­зып, кездесу жайында өтінішін жеткізген еді. Бүгін жүздесудің сәті түсті.

Кешенде 4 мыңнан астам баланың қо­сым­ша білім алуына жағдай жасалған. Әлеуметтік жағ­дайы төмен отбасынан шыққан жеткін­шек­тер­дің үйірмелерге қатысуына «Мереке» қайы­рым­дылық қоры қолдау көрсетеді.

Мемлекет басшысы ұжым қызметкер­лері­мен кездесу барысында бұл корпусты салу ден­­­­­сау­лық сақтау саласындағы басым міндет­тер­ді са­палы орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Жаңа медициналық мекеме құтты бол­сын! Әлемде мұндай орталықтар өте аз. Бұл біз­дің аймақтағы медициналық тәжірибе мен ғы­лым­ды ұштастыратын озық мекеме болмақ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент нысан құрылысының мер­зімі мен жоғары сапа стандарттарын қатаң сақ­тау қажет екеніне назар аударды.