Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «AMANAT» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың түрлі сауалдарына жауап берді.
Тұрғындардың өтінішіне құлақ түрді
737
оқылды

Жеке қабылдауда болған тұр­ғын­­дардың мәселесі сан түрлі деп айт­­сақ болады. Олар қозғаған мә­се­ле­лер­дің қатарында электр қуат­тылығының тапшылығы, қаладағы кеп­теліс, балық шаруашылығын да­мыту мен көшелерде жолөткелдер салу сынды өтініштер бар. 

 DAMU индустриалды логис­ти­калық орталығы жанындағы көлік кеп­телісінің тұрғындарға үлкен ке­дер­гі келтіретіндігін айтқан азамат мә­селенің тек өзі үшін емес қала хал­қы үшін де маңызды екенін жет­кізді. «Бір тәулікте Алматы–Же­ті­ген–Қапшағай су қоймасы авто­жо­лы­мен 20 мыңнан астам автокөлік, Іле және Талғар ауданыан 46 мың­нан астам тұрғын, оның ішінде 12 мың студент Алматы қаласына қа­ты­найды. Көлік ағыны арт­қан­дық­тан қарбалас уақытта DAMU ин­дустриалды логистикалық орталығы жа­нындағы теміржол өткелінде ұзын-сонар кептеліс пайда болады. Кө­лік айрығы жоқ. Сағаттап тұруға мә­жбүрміз. Сондықтан темір­жол­дың үстімен өтетін жолөткел салу мә­селесін шешіп беруіңізді сұрай­мын», – деді 60 жастағы Іле ауданы­ның тұрғыны Хамит Абдин. 

Марат Сұлтанғазиевтің ай­туын­ша, бүгінгі күнде аталмыш мәселе бойын­ша жолөткелдің жобалау-сме­талық құжаттамасы әзірленіп, мем­лекеттік сараптамадан өтуде екен.  

Ал Қарасай ауданының тұрғыны Егеубек Егізбек те Алматы–Бішкек тас­жолындағы кептеліс мәселесін кө­терді. Айтуынша, автожол ар-қылы 500 мыңнан астам халқы бар Қарасай мен Жамбыл аудан­дары­ның тұрғындары күнделікті Алматы қаласына қатынайды екен. Облыс әкімі аталған қолайсыздық мәселесі бойынша автожолдың 20-27 шақырым аралығында 6 жолаққа дейін кеңейтуді қарастырылып жат­қанын жеткізді. 

«Көлік қарқындылығының өсуіне байланысты «Алматы–Біш­кек» автомобиль жолының 16-19 ша­қырым аралығындағы жол 4 жо­лақ­тан 8 жолаққа дейін кеңейтілді. Енді 20-27 шақырым аралығындағы жол­ды 6 жолаққа дейін кеңейту тура­лы сұрақ қарастырылып жатыр. Қа­зір жоба үлгісі дайындалды. Жұ­мыстарды бастамас бұрын тех­ни­ка­лық-экономикалық негіздемесін, сме­талық жобалау құжаттарын әзір­леу қажет. Кеңейту жоспарын нақ­тылап, тиісті қаражат бөлінген жағдайда аталған жұмыстар алдағы уақытта кезең-кезеңімен жалғаса-тын болады», – деді Марат Сұлтан-ғазиев. 

Қабылдауға келген азаматтардың бә­ріне заңды-құқықтық тұрғыдан, мәселелерінің шешілуі турасында ба­ғыт-бағдар берілді. Айта кету ке­рек, «AMANAT» партиясы Алматы об­лыстық партия филиалының қа­был­дау бөлмесіне келіп түскен ұсы­ныс-пікір, өтінішін жеткізу­ші­лер­дің сауалдары назардан тыс қал­май­ды. Мамандар әрбірінің себеп-сал­да­рын жіті зерттеп, шешімін заң та­­лап­тары негізге қарастырады.

Алдағы уақытта тұрғындар об­лыс әкімінің қабылдауына egov пор­­талы, е-otinish бірыңғай базасы не­месе әкімдікке келіп жазбаша өті­ніш тастау арқылы жазыла алады.

Берік БЕК