Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күні мерекесі қарсаңында Шым­кент қаласында «АМАNAТ» партиясы Тұран аудандық филиалына қарасты «Жаңару» бастауыш партия ұйымының мұрындық болуымен №35 жалпы білім бе­ре­тін орта мектебінде «Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым» атты кітап көрмесі өтті.
Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым
1,159
оқылды

Мектептің Мемлекеттік рәміздер бұрышы жа­нынан ұйымдастырылған кітап көрмесіне тәуелсіздігіміздің нышаны, Отанымыздың ұлт­тық мақтанышы – Мемлекеттік рәміздер ту­ралы кітаптар, рәміздер тарихы мен ғылыми еңбектер туралы материалдар орналастырылды.

Іс-шара барысында мектепті бітіруші сы­нып оқушылары Мемлекеттік рәміздер туралы жи­нақтаған деректері мен түсініктерін ортаға са­лып, Мемлекеттік рәміздер және оның тари­хына байланысты сұрақтарға жауап берді.

Іс-шараны қорытындылаған «АМАNАТ» пар­тиясы Тұран аудандық филиалының Ат­қару­шы хатшысы Б.Әліпов: «Мемлекеттік рә­міздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-са­на­сын, қаhармандығы мен даналығын, бола­шақ­қа сенімін, арман-тілегін жеткізетін ерек­ше құнды белгілер. Тәуелсіздігіміздің ны­шан­дарын көзіміздің қарашығындай сақ­тауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Елі­міздің әрбір азаматы Мемлекеттік рәміздерді құр­меттеуге міндетті, өйткені олар – халқы­мыз­дың мақтанышы, біздің ең киелі құнды­лық­тарымыз», – деді. 

Сонымен қатар Бақтыбай Қиянбекұлы іс-ша­раға қатысушыларды Қазақстан Респуб­ли­касының Мемлекеттік рәміздер күні мере­ке­сі­м­ен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге Ұл­ттық бірыңғай тестілеуден жоғары көр­сет­кіш­терге жетіп, аңсаған армандарының орын­далуына тілектестігін білдірді. 

Берік БЕК