Алматы қаласында 9 мемлекеттің қатысуымен V Жас­тар театр форумы өтеді. Осыған орай, Алматы театрын­да ТМД елдерінің бесінші Жастар театр фору­мы­ның ашылуына ар­налған баспасөз конференциясы болды.
Дәстүрлі театр мерекесі
656
оқылды

Алматы қаласында 9 елден – Әзербайжан, Армения, Бе­ларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 35 жасқа дейінгі 200-ден астам режиссер, драматург және өзге де театр май­тал­мандары жиналды. Фо­рум ТМД елдерінің шығарма­шыл жастарының мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтас­тығын арттыру мақсатында ұйым­дастырылып отыр.

– V Жастар театр форумы барысында 9 елден 9 спектакль қойылады. Әділқазылар алқасы олардың арасынан жеңімпаз­дар­ды анықтап, оларға қаржы­лай сыйақы мен алтын, күміс және қола қолшатыр сыйлайды. Фо­румның үздік қойылымы 2025 жылы Мәскеуде өтетін А.Че­хов атындағы XVII халық­ара­лық театр фестиваліне қаты­суға мүмкіндік алады. Форум 2012 жылы Кишиневте, 2015 жылы Минскте, 2018 жылы Ере­ванда, 2021 жылы Ереванда өт­­кен болатын. Енді 2024 жылы Ал­маты қаласында театр май­тал­ман­дары жиналғанына қуа­ныш­тымыз, – деді ТМД елдері­нің бесінші Жастар театр фо­румы­ның ұйымдастыру коми­тетінің төрағасы Фархад Мол­дағали.

Форум барысында спек­такльдерден бөлек суретшілер каталогтары мен жас драма­тургтердің пьесалар жинақтары, шеберлік сыныптары, семинар­лар, танымал театр қайрат­кер­лерінің дәрістері көпшілік наза­ры­на  ұсы­нылмақ. Жапониядан келген режиссер Мотои Миура фо­рум ба­рысында жастардан жаңа идея мен әдіс-тәсілдерді үй­ре­ну­ді үмітетіп отырғанын ай­т­ты.

Айта кетейік, ТМД елдерінің бесінші жастар театр форумы­ның шымылдығын Фархад Мол­­­да­­ғалидің «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» спектаклі ашты. Бұл шара 9 маусымға дейін жал­ғаса­ды.