Ресейлік маман бұл қызметте отандасы Магомед Адиевті алмастырған еді.
«Бір жылда көп нәрсе өзгереді»: Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері бірінші рет сұхбат берді
Фото: ҰОК
2,357
оқылды

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жаңа қызметке келген соң алғаш рет сұхбат берді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Өткен маусымда команда сәтті ойнады. УЕФА Ұлттар лигасының жаңа парағын бастаймыз. Ұлттық құрама Астанадан Алматыға көшеді, себебі стадионда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жігіттермен сөйлескенімде айтқанымдай, ең басты міндет – өткен кезеңнен жақсырақ болу. Іргетасы қаланды, енді оны кірпішпен қалау керек. Шартты түрде қазақ футболының өркендеуіне мүмкіндік беретін белгілі бір жүйені құру қажет. Менің міндетіме ұлттық құрама емес, жастар мен жасөспірімдер құрамаларының дамыту да кіреді. Енді оларға да назар аудару қажет. Мен командамен кездестім. Жаттықтырушылар штабымен сөйлестім. Бір жылда көп нәрсе өзгереді. Команданың әлеуеті өсуі керек, команда заманауи футбол көрсетуі қажет. Қаншалықты табысты болатынымызды уақыт көрсетеді. Қазір біз федерация басшылығымен сөйлесіп, алғашқы екі ойынға қатыспаймын деп шештік. Барлығын жоспарлау керек. Себебі Арменияға ұшуға мүмкіндігім жоқ, өйткені мен бұл күндері ұлттық құраманы қабылдауды жоспарламаған едім. Мен Венгрияға ұшуды жоспарлап отырмын, ол жақта команданың Әзербайжанмен өтетін ойынын қараймын. Жаттығу жұмыстарына қатыспаймын. Осы екі ойынды Руслан Балтиев қорытындылайды",  - дейді Черчесов. 

Айта кетелік, ресейлік маман бұл қызметте отандасы Магомед Адиевті алмастырған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.