Бұл жобаға халықаралық қоғамдастықта Қазақстан туралы оң пікір қалыптастыруға зор үлесін қосып жүрген еліміздің қоғам қайраткерлері шақырылды.
Әні әлемге танымал болған әнші Adam марапатталды
Фото: СІМ
1,564
оқылды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде «Ізгі ниет елшілері» жобасы бастау алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан сыртқы саяси ведомствосында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің қатысуымен «Қазақстанның ізгі ниет елшілері» жобасын іске қосуға орайластырылған салтанатты рәсім өтті.

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Қазақстанның ізгі ниет елшілері» жобасы мәдениеттер пен халықтар арасындағы диалогты дамытуға және еліміздің жетістіктерін шет елдерде дәріптеу мақсатында танымалдылығын арттыруға бағытталған.

Өнер, спорт, ғылым, медицина және басқа да салаларда жетістіктерге жеткен отандастарымызды тарту арқылы Қазақстандағы Ізгі ниет елшілері қызметінің сәтті халықаралық тәжірибесін енгізу еліміздің беделін нығайтып, бейбітшілік, достық және халықаралық ынтымақтастықтың негізі болатын мәдени-гуманитарлық байланысты арттыруға ықпал етеді.

Министр өз алғы сөзінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқық негізіндегі көпвекторлы және сындарлы сыртқы саясатқа айқын балама жоқ екенін атап өтті.

«Бұрын-соңды болмаған геосаяси жағдайда, халықтық және мәдени-гуманитарлық дипломатияның алар орны бөлек. «Әлемдік сахналарда, ареналарда және конференцияларда Сіздердің жеңістеріңіз бен тамаша өнер көрсетулеріңіздің арқасында еліміздің көк туы әлемнің түкпір-түкпірінде көтеріліп, мемлекеттік әнұран салтанатты түрде шырқалады», – деп атап өтті ҚР СІМ басшысы.

Бұл жобаға халықаралық қоғамдастықта Қазақстан туралы оң пікір қалыптастыруға зор үлесін қосып жүрген еліміздің қоғам қайраткерлері шақырылды. Олардың арасында – скрипкашы-виртуоз, дирижер, Азия-Тынық мұхиты өңірі оркестрлері Альянсының директоры Марат Бисенғалиев, Олимпиада чемпионы, велошабандоз Александр Винокуров, суретші және антиядролық қозғалыс белсендісі Кәріпбек Күйіков, University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы, кардиохирург Юрий Пя, саясаттану ғылымының докторы және тарихи карталарды зерттеуші Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, Н.Тілендиев атындағы Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар Сазы» оркестрінің бас дирижері Динара Тілендиева, Adam лақап атымен әлемдік танымалдылыққа ие болған эстрада әншісі Мирхидай Мирфарух, әлем рекордын жаңартқан алып күш иесі және Гиннес кітабының рекордшысы Сергей Цырульников бар.

Өз сөзінде А.Винокуров Astana Qazaqstan Team командасының барлық мүшелерімен бөлісетін «Ізгі ниет елшісі» мәртебесін алу Париж Олимпиадасы қарсаңында рухты көтеріп, жеңіске деген сенім-күшті арттыратынын айтты.

Шығармашылық интеллигенция атынан сөз сөйлеген Д.Тілендиева артылған сенім үшін алғысын білдірді және шетелдік жұртшылық алдында қазақстандық мәдениетті ілгерілету қаншалықты маңызға ие екенін ерекше атап өтті.

Өнер, спорт, ғылым, медицина және басқа да салаларда жетістіктерге жеткен отандастарымызды тарту арқылы Қазақстандағы Ізгі ниет елшілері қызметінің сәтті халықаралық тәжірибесін еңгізу еліміздің беделін нығайтып, бейбітшілік, достық және халықаралық ынтымақтастықтың негізі болатын мәдени-гуманитарлық байланысты арттыруға ықпал етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.