Құрбан айт мерекесі 17 маусым, дүйсенбі күні басталады.
Астанада құрбандық шалу орындары белгіленді
1,471
оқылды

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Астанадағы базарларда құрбандық шалу орындарында санитарлық нормалардың сақталуы тексерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

Биыл 17-19 маусым аралығында аталып өтетін қасиетті Құрбан айт мерекесін атап өтуге байланысты Астана әкімдігі құрбандық шалу орындарын белгіледі:

  • «Шанхай» базары
  • «Баракат» базары (А-369 көшесі, 10)
  • «Жайлау» базары (С-754 көшесі, ғимарат. 1)
  • «Шолпан-ата» базары («Алаш» тасжолы, 27/2)
  • Теміржол ЖМ (Ақжар көшесі, 20).

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы жануарларының иелері, сою орындарының сатушылары мен иелері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 бұйрығымен бекітілген ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтауды сұрайды.

Мәселен, ауыл шаруашылығы жануарларын сою ережеге сәйкес берілетін есепке алу нөмірлері бар сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою алаңдарында жүргізілуі тиіс.

«Бүгін біз ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын талқылау үшін сою нысандарының иелерімен кездесу өткіздік. 2 санаттағы рұқсат құжаттары жоқ жерлерде жануарларды союға тыйым салынады», - деп атап өтті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, бас маман Мелис Қайнулдаев.

Биыл Құрбан айт мерекесі 17 маусым, дүйсенбі күні басталады.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.