Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, нөсер жаңбырдан бастап аптап ыстыққа дейін тіркеледі.
Жаңбыр, бұршақ, 42 градус ыстық: 8-10 маусымға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
1,789
оқылды

«Қазгидромет» РМК  Қазақстан бойынша 8-10 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, нөсер жаңбырдан бастап аптап ыстыққа дейін тіркеледі.

15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Маңғыстау және Қызылорда аймағында 42 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал.

«Мәскеу облысынан соққан циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Көптеген облыста қысқамерзімді жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін, найзағай ойнап, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін», – делінген хабарламада.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.