Сондай-ақ сот оған қатысты химиялық кастрациялау шарасын тағайындады.
Үш қызды зорлаған: Түркістан облысында педофилге сот үкімі шықты
Фото: istockphoto.com
746
оқылды

Түркістанда үш қызды зорлаған педофилге сот үкімі шықты. Жасөспірімдерге азғындық көрсеткен сотталушы 25 жылын түрмеде өткізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Сондай-ақ сот оған қатысты химиялық кастрациялау шарасын тағайындады.

Жаға ұстатарлық жайт осыдан екі жыл бұрын Отырар ауданы Арыс ауылында болған. Сотталушы ағасының жасөспірім қызымен бірге ойнауға келген құрбыларына қатысты бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық және зорлау әрекеттерін жасаған. Оқиғаның қалай болғанын жеткіншектердің өздері айтып берген.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігімен, 121-бабы 4-бөлігімін кінәлі деп танылып, оған түпкілікті педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу жазасы тағайындалған», – дейді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.