Ақын «Балқаймақ», Отырар төбе», «Айналайын анашым», «Бастау» кітаптарының авторы.
Белгілі ақын Мылтықбай Ерімбетов өмірден өтті
Фото: adebiportal.kz
1,661
оқылды

Белгілі ақын, журналист Мылтықбай Ерімбетов өмірден озды. Қаралы хабарды ақын Қасымхан Бегманов жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Бүгін, 7 маусымда талантты ақын, белгілі журналист, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты  Мылтықбай Ерімбетовтың кенеттен жүрегі тоқтап, 68 жасында өмірден өтті. Ақынды ұлы Ерболат Мылтықбайұлы жақындарымен бірге бірнеше көлікпен туған жері Жетісайға алып кетті. Ертең сағат:11:00-де Жетісай ауданының  "Телман" ауылындағы ата - анасының қарашаңырағында ақынның жаназасы өтетін болды. ... Мылтықбай Ерімбетов кезінде "Никарагуа, Никарагуа", "Сенің жазған хаттарың-ай, хаттарың" деп жырлаған талантты ақын еді», - деп жазды ақын.

Мылтықбай Ерімбетов 1956 жылы Түркістан облысында, Жетісайда туған. 1977 жылы ҚазМУ-дің (қазіргі ҚазҰУ — ред.) журналистика факультетін бітірген. 

1982 жылдан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің кітап насихаты бөлімінде аға редактор, 1985-1995 жылдары «Парасат» («Мәдениет және тұрмыс») журналында бөлім меңгерушісі болды. 1995 жылдың тамыз айынан шығармашылық жұмыста. 

 «Балқаймақ», Отырар төбе», «Айналайын анашым», «Бастау» кітаптарының авторы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.