Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Тұрғын үй саясаты мәселесін қарайды
428
оқылды

Депутаттардың талқылауына тұр­­­­­ғын үй саясатын реформалау мә­селелері бойынша заңнамалық түзе­тулер екінші оқылымда ұсы­­­­нылады. Үкімет оларды Мемлекет бас­шы­­сы­ның халықтың тұр­ғын үйге қолже­тімділік мәселесін шешу тура­лы тап­сыр­масын орындау үшін әзірледі.

Осы мақсатта «Отбасы банкі» ак­цио­нерлік қоғамын оған жер­гі­лікті атқа­рушы органдардың тұрғын үйді беру, есепке алу және бөлу жө­нін­дегі функ­цияларын бере отырып, ұлттық даму инсти­­тутына айналдыру ұсынылады. 

Заң жобасымен жұмыс бары­­сында депутаттар халықтың әлеу­меттік жағы­нан осал топтарының төрт санаты үшін мемлекеттік тұр­ғын үй қорынан баспа­на алуға басым құқықты сақтауға ба­ғыт­талған түзе­тулер енгізді. Атап айт­қанда, Ұлы Отан соғысының ар­да­герлері, жетім балалар және ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наг­­радталған көпба­лалы аналар, көп­балалы отбасылар. Осы тізбеге мүгедектігі бар балаларды тәр­бие­леп отырған отбасыларды, бірінші, екін­ші топтағы мүгедектігі бар адам­дар­­­ды қосым­ша қосуға бағыт­талған тү­зетулер бар. 

Жалпы отырыста депутаттар «Кө­­­­лікті дамытуға және көлік сала­сындағы мемле­кеттік бақылауды қам­­тамасыз етуге бөлін­ген бюджет қаражатын пай­даланудың тиімділігі туралы» Жоғары аудиторлық палата төрағасының есебін тыңдайды. 

Сонымен қатар Мәжіліс бірқатар халық­аралық шартты ратифи­ка­ция­лау тура­лы жаңа заң жобаларын жұ­мысқа алады.

Берік БЕК