Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғам­дық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауында «Азаматтар­дың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарас­тыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдама­сын іске асыру – бәрімізге ортақ мін­дет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалып­тас­тыруға болады», – деп атап өтті.
Тұрғындар талабы – басты назарда
555
оқылды

Осы бағытта Түркістан облыс­ы­ның әкімі Дархан Сатыбалды бекітілген кестеге сай облыс тұр­ғындармен кездесу шараларын жалғастыруда. Дархан Амангелді­ұлы Түркістан қаласы тұрғындар­ы­­мен кезекті кездесуін өткізді. Басқосуда Түркістан қаласын дамыту жолдары қаралып, тұрғын­дар­дың өтініштері, ұсыныстары, сұрақтары тыңдалды. Өңір басшысы облыс орталығында атқар­ыл­ған жұмыстарға тоқталып, кемшіліктерді жою жөнінде де ой қозғады. 

– Түркістан қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқтал­сақ, өсім байқалады. Жалпы, өң­ір­­лік өнім көлемі 2021 жылдан бері 38 пайызға өсіп, 2023 жылы 370 млрд теңгеден асты. Биыл 4 ай­­да бұл көрсеткіш 78 млрд тең­гені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15 пай­ызғ­а өскен. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 82 пайызға өсіп, 22 мың­нан асты. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылы 26 млрд теңгені құрап, жоспар 1,8 млрд теңгеге артығымен орындалды. Негізгі капи­талға тартылған инвестиция көлемі 356 млрд теңгені құрап, жоспар 7 млрд теңгеге артық жүзеге асты. Құрылыс саласында да өсім бар. Біз өндіріс орындарын көбей­ту, инвестиция тарту жұ­мыс­тарын күшейте береміз. Олай жасамаса болмайды. Біз әкімдік тарапынан инфра­құры­лым, әлеу­­­­­мет­тік нысандарды салып береміз. Бірақ тұр­ғындар өз үйінің, өз ауласы мен көшесінің тазалығын сақтауға үлес қосулары тиіс. Бұл ретте «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қолдау көрсеткен түр­кістандық­тарға алғысымды білдіремін, – деді Дархан Сатыбалды. 

Жиында өңдеу өнеркәсібі өнім­інің көлемі 2023 жылы 16,5 млрд теңгеге жеткенімен, жоспар толық орындалмағаны айтылды. Сонымен бірге қаржыны игеру, салық түсімдері бойынша кемшіліктер сөз болды. Азамат­тарға пәтерлерді сатудан түсетін түсім­дерді ұлғайту, кәріз жүйесі және өзге де мәселелерге байланысты жұмысты ширату жөнінде тапсырма берілді. Түркістан қала­сының әкімі Нұрбол Тұраш­беков атқар­ылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларға да тоқ­тал­­ды. Жалпы, Түркістаның ту­­­­р­­­­­­­ис­тік әлеуеті көтеріліп, экономика жақ­сарып келеді. Кездесуде тұр­ғындар тарапынан өтініштер мен ұсыныстар айтылды. Сонымен бірге жеке қабылдауда тұр­ғын­дардың мәселелері ашық айтылып, хаттамаға енгізілді. Ол түйткілдерді шешу бойынша жұ­мыс жүрмек. 

Сонымен қатар облыс әкімі Кентау қаласында болып, тұрғын­дармен кездесті.

– «Ауыл – ел бесігі» жобасы ая­сында Кентау қаласында 2023 жылы 2 елді мекенде 7 жобаны іс­ке асыруға облыстық бюджет есе­бінен 242 млн теңге бөлінді. Атап айт­қанда, Хантағы және Ащысай елді мекендеріндегі 18 көш­еге 242 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы 3 елді мекенде 6 жобаны іске асыру үшін 477 млн теңге қаралды. «Ауыл аманаты» бағдар­ла­­масы бойынша 492 млн теңгеге 92 жоба қаржылан­дыр­ылды. АҚШ-тың белгілі инженері Илон Масктің Starlink спутниктік интернет құрылғысы Кентау қала­сында 2 мектепте іске қос­ылды. Кентаудың жалпы өңір­лік өнім көлемі 2021 жылдан бері 26 па­йызға өсіп, 2023 жылы 76 млрд тең­геге жетті. Биыл 4 айда бұл көр­­­­­­­сет­кіш 23 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кез­еңімен салыстырғанда 16 пайызға өскен. Негізгі капиталға тартыл­ған инвестиция көлемі 46,7 млрд теңгені құрап, жоспар 784 млн теңгеге ар­тығымен орындалды. Дегенмен Кентаудың әлеуеті бұдан да жо­ғары. Біз елдің табысын көтеру үшін жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту мәселесін күн тәртібінен түсір­мейміз. Басым бағытымыз – зауыттар мен кәсіп­орындар ашу. Инвестор тарту, жоба­ларды жүзеге асыру өте қиын. Бірақ жұмыс жүріп жатыр. Кәсіп­керлерге қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды. 

Одан кейін облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды жеке қабылдады. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан жер мәселе­сі бойынша, баспанамен қамту саласына қатысты, мәдениет үйі­нің құрылысын жүргізу жөнінде, жылу энергоорталықты қайта құры­лымдау мәселелеріне қатыс­ты сауалдарға жауап берілді. Тұр­ғындармен өткен кездесуден кейін, өңір басшысы жеке қабыл­дау­ын өткізіп, азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады. Ай­тыл­ған сын-ескертпелер мен ұс­ын­­ыстар хаттамаға енгізіліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Облыс басшысы Дархан Саты­балдының өңірлердегі тұрғындар­мен кездесу шаралары кестеге сай жалғаса бермек.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы