Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер «Қазселденқорғау» мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі қарады.
Пара алу үстінде ұсталған Жамбыл облысының бұрынғы әкімі ақталды
8,366
оқылды

«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаев пен оның орынбасары А. өздерінің қызметтік өкілеттігіне кіретін әрекеті мен әрекетсіздігі үшін алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен бірге аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін айыпталған еді (ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы), деп жазады Aikyn.kz.

Сонымен қатар К.-ға бір әрекетті бірнеше рет жасағаны үшін айып тағылды (ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі).

ЖШС директоры П.-ға алдау және сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік залал келтірді, ұрлық белгілері болмаған кезде өзінің қызметтік бабын пайдаланып, ірі көлемде зиян келтірді (ҚК-нің 195-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) және лауазымды тұлғаға жеке басына аса ірі мөлшерде ақша түріндегі пара берді деген айып тағылды (ҚК-нің 367-бабы 4-бөлігі).

2022 жылғы 22 желтоқсанда сотталушы А. ММ басшысының орынбасары бола тұра өзінің қызметтік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, селден қорғау бөгеттерін салуға шарт жасалған мердігер ұйымның директоры Ж.-дан пара алған.

Жұмыстың орындалғаны туралы актілерге кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлық үшін пара беруші 397 621 АҚШ долларынан астам ақша берген.

Ал сотталушы П. ЖШС директоры бола тұра жұмыстың орындалғаны туралы актілерге кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлық үшін ММ басшысының орынбасарына 397 621 АҚШ доллары көлемінде пара берген.

Алқабилер алқасының шешімі бойынша (көпшілік дауыспен) К. өзіне тағылған айып бойынша ақталды.

ҚК-нің 366-бабы  4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған А.-ға мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2022 жылғы 5 желтоқсандағы эпизод бойынша ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігімен сотталушы А. ақталды.

П. ҚК-нің 367-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

2022 жылғы 5 желтоқсандағы эпизод бойынша ҚК-нің 367-бабы  4-бөлігі және ҚК-нің 195-бабы 4-бөлігінің 2 тармағы бойынша сотталушы П. ақталды.

Үкім жарияланған күннен бастап 15 тәулік ішінде аудандық сот арқылы Алматы облыстық сотына шағымданып, наразылық білдіруге болады.