Табиғи мекендеу ортасына 1 085 бекіре тұқымдас балық жіберілді.
2,3 миллиард теңгенің балығын ұрлаған топ ұстады
1,128
оқылды

ҰҚК 90 аумақтық және ішкі су режимін, 72 шекаралық режимді бұзушылар және 69 жүзу құралдарын ұстады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҰҚК баспасөз қызметі жазғандай, көптеген браконьерлік аулау құралдары, оның ішінде 263 шақырымнан астам торлар мен 20 мың ілмектер тәркіленді.

Табиғи мекендеу ортасына 1 085 бекіре тұқымдас балық (салмағы 5 536 келі),  65 474 ұсақ тұқымдас балық (салмағы 52 571 келі), сондай-ақ 67 итбалық жіберілді.

Салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 7,3 млн теңгеден асты.

Қазақстанның 3 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына пайдалануға тыйым салынған түрлерге заңсыз қарау) қылмыстық істер қозғалды.

Мемлекетке келтірілген залал 2,3 млрд теңгеге бағаланады.